Маңғыстау облысында көлік рельске шығып кетіп, жүргізуші қаза тапты

568

Қайғылы оқиға Шетпе ауылында болған.

Маңғыстау облысында көлік рельске шығып кетіп, жүргізуші қаза тапты Фото: видео скриншот

Маңғыстау облысында көлік рельске шығып кетіп, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ІnAktau порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 4 желтоқсанда таңертең Шетпе ауылында болған.  

"Оқиға туралы полицияға таңғы сағат 04:50-де хабарланған. Toyota Camry көлігінің 42 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолға шығып кеткен. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Аталған факті Маңғыстау ауданы бойынша ПБ-на ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы" бойынша тіркелді.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу