Маңғыстау облысында көлік терезесінен денелерін шығарған жасөспірімдер анықталды

544

Жаңаөзен қаласы Ақсу шағын ауданындағы тас жолдардың бірінде мектеп түлектерімен болған бірнеше құқық бұзушылықтар анықталды.  

Маңғыстау облысында көлік терезесінен денелерін шығарған жасөспірімдер анықталды Фото: polisia.kz

Daimler Chrysler автокөлігінің жолаушылары қауіпсіздік белдігін тақпай, заң бұзушылыққа жол берді. Жаңаөзен қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен аталған көлік құралының жүргізушісінің жеке басы анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 593-бабы 2-бөлігімен хаттама жасақталды. 

Ал Mercedes Benz E 320 автокөлігінің жүргізушісі бірден екі құқық бұзушылық жасағандығы белгілі болды. Ол әкімшілік кодекстің 614-бабында көзделген ережелерді елемей, көлік басқару кезінде жол қозғалысының өзге қатысушыларына қасақана кедергі келтірген. Жол сақшыларымен 21 жастағы азамат осы бап бойынша жауапкершілікке тартылды. 

Сонымен қатар артқы орындығындағы жолаушының қауіпсіздік белдігін қолданбағандығы анықталып, ҚР ӘҚБтК-тің 593-бабы 3-бөлігімен хаттама толтырылды. 

Дәл осындай дерекпен BMW 5251 автокөлігінің де жүргізушісі заң негізінде жауапқа тартылып, айыппұл арқалады. Құқық бұзушының көлігінің артқы орындығындағы жасөспірімдер терезеден денелерін шығарып, жол қозғалысы ережесін бұзған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу