Маңғыстау облысында контрабандалық автокөліктер анықталды

480

Маңғыстау облысында 22 дана автокөлік Грузия Республикасынан Құрық порты арқылы Өзбекстан Республикасына жіберілгені белгілі болды. 

Маңғыстау облысында контрабандалық автокөліктер анықталды Фото: Құрық порты

Жедел мәліметтерге жүгінсек, жеңіл автокөліктерді тасымалдаған 3 жүргізуші межелі жер Ташкент қаласына жетпеген,- деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Осы дерек бойынша Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚР ҚК 234-бабымен "жалған транзит" жүйесі бойынша экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 98 млн теңгеден асады.

Өткен жылы да ЭТД қызметкерлері Грузиядан келген жеңіл автомобильдер контрабандасының ірі дерегін анықтады.

Жалпы 2019 жылдан бастап елімізге 8 мыңнан астам машина әкелінді. Солардан төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар түріндегі мемлекетке келген залал 35 млрд теңгеге жетті. Аталған қылмыстық істер бойынша кінәлі адамдардың кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу