Маңғыстау облысында коронавирус бойынша эпидемиялық жағдай нашарлады

1102

Еліміздің 17 аймағының жетеуі жоғары қауіпті аймақта ("қызыл" аймақ) орналасқан.  

Маңғыстау облысында коронавирус бойынша эпидемиялық жағдай нашарлады

Маңғыстау облысы COVID-19 таралу жылдамдығы бойынша "сарыдан" "қызыл" аймаққа өтті, Ақтөбе облысы орташа тәуекел аймағына көшті, деп жазылған 22 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында.

Осылайша, еліміздің 17 аймағының жетеуі жоғары қауіпті аймақта ("қызыл" аймақ) орналасқан: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды ​​және Маңғыстау облыстары.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстары. "Жасыл" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Жалпы, коронавирустың таралуы бойынша Қазақстан "сары" аймақта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу