Маңғыстау облысында көшеде әйелін ұрған ер адам ұсталды

140

Оқиға 7 сәуірде Маңғыстау ауылында болған. 

Маңғыстау облысында көшеде әйелін ұрған ер адам ұсталды Фото: видео скриншот

Маңғыстау облысында көшеде әйелді соққыға жыққан ер адам ұсталды. Аймақ полициясының баспасөз қызметі өкілдері осы жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция мәліметінше, бұл оқиға 7 сәуірде Маңғыстау ауылында болған. Ер адам ойын алаңында әйелін соққыға жыққан.

"Құқықбұзушыны анықтап, Мұнайлы ауданының полиция бөліміне жеткіздік", - деді аймақ полициясы.

Ведомство мәліметінше, осы іске қатысты материал сотқа жіберілген.

Еске салайық, бұған дейін желіде Маңғыстау облысында әйел соққыға жығылған видеотарағаны хабарланды. Видео Instagram-дағы 112 парақшасында жарияланды. Парақша мәліметіне сүйенсек, оқиға Мұнайлы ауданында болған.

Кадрлардан оқиға ойын алаңында болғанын көруге болады. Әйелдің жанында бала ойнап жүр. Ал ер адам әйелге жақындап, жұдырықпен ұрып жібереді. Содан кейін ол әйелді итеріп жібереді. Ал жәбірленуші жерге құлап түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу