Маңғыстау облысында құбыр өнімдерін шығаратын зауыт салынады

461

Жобаға тартылатын инвестиция көлемі 200 млрд теңгеден асады. 

Маңғыстау облысында құбыр өнімдерін шығаратын зауыт салынады Фото: inbusiness.kz

"KazPetroDrilling" акционерлік қоғамы 2026 жылы Маңғыстау облысында "Құбыр өнімдерін шығаратын зауыт" жобасын іске асыруды жоспарлауда. Маңғыстау облысының әкімдігі мен "KazPetroDrilling" компаниясы Маңғыстауда құбыр өнімдерін шығаратын зауыт салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Жобаға тартылатын инвестиция көлемі 200 млрд теңгеден асады. Бұл жобаны іске асыру 550-ден астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, құрылыс кезеңінде 400 уақытша жұмыс орны құрылады.

Жаңа зауыттың құрылысы 2026 жылы аяқталып, іске қосылады деп күтілуде. 

Жоба Құрық ауылының маңында орналасатын болады. Пайдалануға берілгеннен кейін шығарылым көлемі жыл сайын 250 мың тоннаға дейін дайын өнімді құрайды (насостық компрессорлық құбырлар мен желілік құбырлар).

Құбыр өнімдерінің жабдықтары Германияда және Бельгияда өндірілетін болады. Бұл жобаны іске асыру импортқа, жергілікті өндірісті дамытуға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу