36 мыңға жуық маңғыстаулық әлеуметтік желіде заңсыз қаржы пирамидаларына тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қылмыстық істің екеуі соттың қарауында, біреуіне сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ал 3 қаржы пирамидасына қатысты іс өзге өңірлердегі құзырлы органдарға тапсырылған.
Мамандар алаяқтарды Telegram-бот арқылы тексеруге болатынын айтады.
"CHAYTAITING қаржы пирамидасы сотқа дейінгі тергеу сатысында, сондай-ақ экономикалық тергеу бөлімінің өндірісінде қаралып жатыр. 14 адам жәбірленуші деп танылды, жалпы шығын көлемі - 11,5 млн теңге", - дейді Маңғыстау облыстық экономикалық тергеп-тексеру департментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Алексей Клеменко.
Тергеушілер тұрғындардан Маңғыстау облысы бойынша анықталған мына қаржы пирамидаларынан сақ болуды сұрайды:
JANUYA
AMANAT DRIVE
BEST WAY
ЕЛІМ АЙ 2019
ВЫГОДНЫЙ ЗАЙМ
GAP
SINCERE SYSTEMS GROUP
L CAPITAL
WORLD BUSINESS CONSULTING
INCRUISES
EVOLUTION CORPORATION
AKSHAALNALYM
BUSINESS GAME
LIFE IS GOOD
Q-NET
RIVER COINS