Маңғыстау өңірінде қызылшаның 384 жағдайы тіркеліп, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 2,5 пайызға жоғары болып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Басқарманың хабарлауынша, облыста қызылшаны жұқтырғандардың 281-і амбулаториялық емделіп жатқанын атады. Ал 103 адам ауруханаға жатқызылған.
Қазіргі таңда, ауруханада үш жүкті әйел және 64 бала, оның ішінде бір жасқа толмаған 22 бала бары белгілі болды. Оның ішінде 4 бала реанимацияда жатыр.
"2023 жылғы статистика мәліметтеріне сәйкес, облыс аудандарында қызылша жұқтыру саны әр түрлі болып отыр. Мәселен, Ақтауда 1034, Жаңаөзенде – 1369 жағдай тіркелді. Мұнайлы ауданында бұл көрсеткіш 1191 адамды құрады. Дегенмен, басқа аудандарда жағдай қалыпты екені байқалды. Мысалы, Түпқараған қаласында – 192, Қарақияда – 552, Маңғыстау ауданында – 184, Бейнеу ауданында – 66 жағдай анықталды", - деп түсіндірді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров.