Маңғыстау облысына қарасты Құрық ауылында мәдениет үйі мен аудандық қазынашылық басқармасы ғимараттарының шатырын жел ұшырып әкетті. Мәдениет үйіндегі қираған шатырдың ауданы 110 шаршы метр болды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдай департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Лада.kz" порталына сілтеме жасап.
Қатты жел салдарынан Жетібай кентінде №3 орта мектептің шатырының бір бөлігін де жел ұшырып әкеткен. Желіде Маңғыстаудың метеорологиялық картасы бар бейне пайда болды.
Облыстық ТЖД аймақта тұрақсыз ауа-райы күтілетінін хабарлаған. Департамент тұрғындарға дауыл кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу