Маңғыстау облысында марихуанаға қатысты іс бойынша үш адам ұсталды

267

Маңғыстауда марихуананы заңсыз сақтады деген күдікпен үш адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Маңғыстау облысында марихуанаға қатысты іс бойынша үш адам ұсталды Фото: polisia.kz

"Қарасора" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері есірткі тасымалдауы мүмкін деген күдікпен Mercedes-Benz E200 автокөлігін тоқтатты.

ІІМ мәліметінше, көлікті тінту кезінде марихуана салынған екі полимерлі орама мен 2 миллион теңгеден астам ақша тәркіленген.

Оқиғаға байланысты Маңғыстау облысының үш тұрғыны ұсталды. Медициналық тексеру олардың марихуана қолданғанын растады.

Сот шешімімен күдіктілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке арнайы қабылдау орнына қамалды. Ал көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу құпиясына байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу