Маңғыстау облысында мектеп есепшісі 76 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

323

Ол 3 жыл бойы өзіне артық сома есептеп келген. 

Маңғыстау облысында мектеп есепшісі 76 млн теңгеден астам қаржы жымқырған Фото: Turkystan.kz

Ақтауда 76 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған мектеп есепшісі сотталды, деп жазады inbusiness.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне слтеме жасап.

"Штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстыру барысында 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеген мектептің бас есепшісінің тиісті және іс-жүзінде төленген жалақысының арасындағы айырмашылық анықталды. Аталған дерек бойынша прокурорлармен қылмыстық іс қозғалып, тергеу облыстық экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында мектеп есепшісі өз кінәсін толық мойындаған.

Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі (Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу