Маңғыстау облысында мектеп тапшылығы мәселесі шешілмей келеді

445

Маңғыстау облысы республикада туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр.

Маңғыстау облысында мектеп тапшылығы мәселесі шешілмей келеді Фото: inbusiness.kz

Соның әсерінен жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны артып келеді. Жаңа мектептердің құрылысы халықтың өсуіне ілесе алмай отыр. Мектеп тапшылығы мәселесі шешілмей келеді деп ата-аналар ашулы.                   

"Біздің баламыз 5- сыныпқа барады. Үш ауысымда оқытады. Біздің сынып сағ 15-19 аралығына түсті. Қазір ештеңе емес, қыста түн боп кетеді ғой. 5- сынып үшін қолайсыз уақыт қойған. Оқушы саны көп болса да, реттеуге болмай ма? Мұндай оқудың сапасы да төмен болады. Директорға бірнеше рет айттық, нәтиже жоқ",- дейді №20 орта мектептің ата-аналары.                                                                                          

Мұның көптеген себептері бар: туудың жоғарылауы, урбанизациядан бастап, бақылаусыз салынған тұрғын үй құрылысы, қоныс аударушылардың артуы т.б.

Қазір өңірде 145 мемлекеттік мектеп, 34 жекеменшік мектеп бар. Олардың 15-і үш ауысымда оқытады.                            

"Ресми түрде 15 мектеп бар, онда сабақтар 3 ауысымда тұрақты өтеді. Бұл үшінші ауысым түнде оқиды деген сөз емес. Аралық сыныптар бар. Барлығы да сағ 19-ға дейін оқып бітіреді. Оқушыларға барынша сапалы білім беруге барымызды салып жатырмыз. Бала саны тым көп",- дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Клара Құлатаева.                           

Ал Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Имаммахмут Шағырбаевтың айтуынша, коммерциялық үйлердің салынуы уақытынан бұрын бітіп жатыр. Оған мектеп құрылыстары ере алмайды. Өйткені мемлекеттік нысандардың құрылыс жүргізу талаптары қатаң. Бірнеше кезеңмен жүреді. Ал коммерциялық құрылыстар жылдам бітіріп, кілтін қолыңа ұстатады. Әйтесе барлық шағын ауданда мектеп орны бар.                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу