Маңғыстау облысында мектептің төбесі опырылып түсті

525

Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. 

Маңғыстау облысында мектептің төбесі опырылып түсті Фото: tumba.kz

Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданының Құрық ауылында мектептің акт залының төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 23 шілде күні таңғы сағат 06.00 шамасында болған. Төбе опырылып түскен кезде ғимарат ішінде адамдар болмаған.  Алдын ала мәліметке сәйкес, қираған аумақтың көлемі 250 шаршы метрге тең.

Қарақия аудандық білім бөлімінің мәліметінше, білім ордасының ғимараты 2009 жылы пайдалануға берілген. Қазір мұнда 1,4 мыңнан аса оқушы білім алып жатыр. Ресми ақпаратқа сүйенсек, акт залы төбесінің бір бөлігі құлап түскен. Білім беру мекемесінің басқа кабинеттеріне зақым келмеген. Бүгінгі таңда тиісті тексерулер мен техникалық сараптама жүргізіліп жатыр. 

Басылымның жазуынша, жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталмаған жағдайда, оқушыларды уақытша басқа мектептерге орналастыру мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

"Ғимараттың кепілдік мерзімі аяқтады. Мектепке – 16 жыл. 1 қыркүйекке дейін олқылықтарды жою үшін бар күш-жігерімізді саламыз", – деп хабарлады аудандық білім бөлімі.

Осы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу