Маңғыстау облысында мобильді бригадалар құрылуда

879

Алдағы уақытта олардың саны көбейтілмек.  

Маңғыстау облысында мобильді бригадалар құрылуда

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында сегіз мобильді бригада іске қосылды. Орталық аудандық аурухана директорының міндетін атқарушы Жанар Досжанованың айтуынша, олардың әрқайсысының құрамында дәрігерлер мен медбикелер қызмет етеді. Бригадалар шақырту бойынша науқастың үйіне барып, медициналық қызмет көрсетіп, дәрігерлік кеңес береді.

"Емханалар жанынан құрылған мобильді бригада мүшелері науқастарға ем-дом тағайындайды. Қазір пандемияға байланысты ауырып жатқандар саны көп. Сондықтан мобильді бригадалардың санын ұлғайтуға жұмыстанудамыз. Ауданда халық санының көптігіне байланысты сегіз мобильді бригада бізге аздық етуде. Сол себепті қосымша он бес көлік бөлдік. Аудан мекемелерінің автокөліктерін осы бригада жұмысын жандандыруға ұсынып отырмыз", – дейді Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров.

Мобильдік топ көмегіне жүгіну үшін Сall-орталығы жұмыс жасауда. Сall-орталықтарының нөмірлері әлеуметтік желілерге жарияланған. Сол арқылы хабарласып, мобильдік топты үйге шақыруға болады.

Айта кетейік, мобильді бригадалардың жұмысын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тікелей бақылайды. Бұл топтар жергілікті емханалар жанынан құрылып, медициналық көмектің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету және дерттің асқынуларының алдын алу үшін стационарда емделгеннен кейін шығарылған пациенттерді бақылайды. Бұдан басқа, мобильді бригадалар созылмалы аурулары бар пациенттерге үйде қызмет көрсетеді , жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілімдер бойынша патронаж жұмыстарын жүргізеді.

Құралай Қуатова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу