Бұл туралы "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы №11 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің апталық жүктемесі 77 сағатты құраған.
"Егер заң бойынша бір педагогқа бір жұмыс аптасында (алмастыру жүктемесімен бірге) 24/32 сағат қарастырылса, Еңбек кодексінде жұмыс аптасы 40 сағаттан аспауы керек деп белгіленген. Ал Мұнайлы ауданындағы №11 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің аптадағы қызмет уақыты 77 сағатты құрайды", деп жазды Дидар Смағұлов.
Сағат санын артық жазу арқылы мектепке 2019 жылы 6,2 млн, 2020 жылы 7 млн, 2022 жылы 17,1 млн теңге ақша артық аударылған. Үш жылдағы шығын 30 млн теңгеден астам.
"Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алдағы уақытта бұл мектепке аудит жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.