Оның барысында мүмкіндігі шектеулі 3 258 адамды оңалтудың жеке бағдарламасымен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қолданбау фактілері анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Оның ішінде бірінші топтағы мүгедектер саны- 525, екінші топ- 849, үшінші топ- 1322, мүгедек балалар – 562.
Енгізілген прокурорлық қадағалау актісімен көрсетілген кемшіліктер жойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мүмкіндігі шектеулі адамның конституциялық құқықтары қорғалды.
Атап айтқанда, қазір мүмкіндігі шектеулі жандардың мүгедектерге арналған оңалту орталығына баруға, санаторий-курорттық ем алуға, сондай-ақ, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне басқа да мемлекет кепілдік берген тегін қызметтерге мүмкіндігі бар.