Маңғыстау облысында мұнай кен орындарын оңалту жоспарланды

1080

Маңғыстау облысында Өзен және Қарамандыбас кеніштерін оңалту жоспарының тұжырымдамасы дайындалды.

Маңғыстау облысында мұнай кен орындарын оңалту жоспарланды

Президент "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына Маңғыстау облысында геологиялық барлау жүргізу жөнінде жеке жоспар әзірлеуді тапсырған болатын. Өңірде жыл санап қара алтын өндірісінің көлемі азайып барады.

Соның салдарынан "Өзенмұнайгаз" компаниясының кірісі әлдеқайда төмендеп кеткен. Қызметкерлер санын сақтап қалуға, еңбекақы төлеу бойынша әлеуметтік міндеттемелерді орындау қиынға соғуда. Кен орындарын оңалту шаралары мұнай өндіру деңгейін кезең-кезеңмен 6,5 млн тоннаға дейін көтеріп, бұл көрсеткішті 10 жылға дейін сақтап тұруға мүмкіндік береді.

"Қазіргі таңда 5-5,5 млн тн мұнай шығарамыз. Ол біздей үлкен компанияға өте аз. Осы жобаны мемлекет басшысы қолдады. 7-8 жылда қосымша 80 млн тоннадай мұнай өндіру жоспарланған. Кен орындар ашылғалы бері жеңіл қазылатын жерлерде қара алтын игеріп келеді. Енді күрделі қазылатын аумақта негізгі мұнай қорын алу үшін жаңа технологиялар қолданылады", – дейді "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры Мақсат Ибағаров.

Мұнай саласының ардагері Аманжан Өтесіновтің айтуынша, Өзен кен орнының өмірін ұзартуға бағытталған көптеген жұмыстар жасалуы тиіс. Алынатын мұнай қоры 400 млн тн үстінде еді. Жаңа құралдар алып, жаңа ұңғымалар салынуы тиіс.

Жаңаөзен мұнай өндірісінің жағдайы түзелсе шаһардың дамуына да тигізер шарапаты мол. Алда "Астрахань-Маңғыстау" су құбырын жаңғырту, газ өңдейтін зауыт пен Кендірліде су тұщыту кәсіпорнын салу жобалары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу