Маңғыстау облысында нәресте сатпақ болған 2 әйел ұсталды

1107

Бұл туралы inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау облысында нәресте сатпақ болған 2 әйел ұсталды Фото: Polisia.kz

 Маңғыстаулық полицейлер шақалақты сату кезінде екі әйелді ұстады.

"4 мамыр күні сағат 13.00 шамасында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жаңа туған нәресте үшін ақша алу кезінде 35 жастағы күдікті әйелді ұстады.

Полиция қызметкерлері, сондай-ақ қолына нәресте тапсырылған 38 жастағы күдікті әйелді құрықтады.

Шақалақ сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласындағы мамандандырылған сәбилер үйіне орналастырылды.

Аталған факті бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Өзге мәлімет тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу