Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін

483

21 мамырда Маңғыстау облысында күн райы бұзылады деген болжам бар, деп хабарлайды облыстық ТЖД.

Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін

"Жаңбыр кезінде жол тайғақ болады, терезеден айнала анық көрінбейді. Сондықтан жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керек. Жүргізушілерден жылдамдықты төмен ұстап, өзге көліктерге қатты жақындамауды сұраймыз. Дауыл қаупі туғанда балконды тексеріп шығу қажет. Жеңіл және көлемді заттарды бекітілуі немесе бөлмеге кіргізілуі тиіс. Көлікті ағаштардың және ескі құрылғылардың маңынан алып тастау керек. Ең маңыздысы, балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Қатты жел кезінде ғимараттардың қасына тұрмаңыз, шатырлар, басқа да нәрселер ұшып түсуі мүмкін", – деп ескертеді департаменттен.

Айта кетейік, болжам бойынша облыстың солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Ал батысында және солтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, шаңды дауыл көтерілуі ықтимал. Облыс орталығы – Ақтауда да найзағай ойнап, дауыл тұруы мүмкін. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу