Маңғыстау облысында оқ тиген екі адам ауруханада көз жұмды

1165

Күдікті деген екі адам ұсталған. Оқиғаға қатысты қалған адамдар анықталып, оларды ұстауға шара қабылданды. 

Маңғыстау облысында оқ тиген екі адам ауруханада көз жұмды

Маңғыстау облысының жергілікті екі тұрғыны оқ тиіп қайтыс болды, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз-қызметі. 

Ведомство мәліметі бойынша, Мұнайлы ауданының кезекші бөліміне дүйсенбі күні кешке шақырту түскен. 

"Полицияға Маңғыстау облыстық аурханасына оқ тиіп, жарақат алған 1990 және 1993 жылғы екі ер адам жеткізілгені хабардар етілген. Екеуі де есін жимастан қайтыс болды", – дейді баспасөз-қызметінен. 

Аталған факт Ақтау қаласы полиция басқармасының БСТТ-іне қылмыстық кодекстің 99-бабы – "Адам өлтіру" бойынша тіркелген.

Күдікті деген екі адам ұсталған. Оқиғаға қатысты қалған адамдар анықталып, оларды ұстауға шара қабылданды. 

Полиция департаменті "адамдар өзара сөзге келіп, оқ ату құралын қолданған" деп түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу