Маңғыстау облысында от шашудан үш адам зардап шекті

373

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Маңғыстау облысында от шашудан үш адам зардап шекті Фото: pixabay.com

Маңғыстауда от шашудан үш адам зардап шекті. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, оның біреуі — ересек адам және екеуі – бала, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы жаңа жыл түнінде 1216 шақыртуға қызмет көрсеткен. Дәрігерлер мен фельдшерлердің жұмысы екі есеге артқан. Оның ішінде, 7 жол-көлік оқиғасы және 2 пышақ жарақаты болған. От шашудан 3 адам жарақат алған. Оның біреуі – ересек адам, екеуі – кішкентай бала", - делінген баспасөз хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу