Маңғыстау облысында пойыздағы өрттен зардап шеккен ер адам қайтыс болды

833

Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған.

Маңғыстау облысында пойыздағы өрттен зардап шеккен ер адам қайтыс болды

"Маңғышлақ-Ақтөбе" жолаушылар пойызының пошта-жүк вагонында болған өрт кезінде күйік алған ер адам Бейнау аудандық ауруханасында қайтыс болды. Бұл жөнінде хабарлаған аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Әсия Шонтыбаева 42 жастағы азаматтың ауыр күйде келіп түскенін айтады, оның денесінің 80 пайызын күйік шалған екен. Жағдайы ауыр болғандықтан оны Ақтауға санавиациямен апару да мүмкін болмаған. 

Одан басқа зардап шеккен төрт адам әзірге емделіп жатыр. "Маңғыстау облыстық ауруханасында ер адам мен оның 11 жастағы ұлы жатыр. Ер адамның денесінің 40 пайызын күйік шалған, өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, жағдайы әлі де нашар. Ал бала 50 пайызға дейін күйік алғанына қарамастан тез оңалды, қазір есін біледі, сөйлейді. Тағы екі пациент Бейнеу аудандық ауруханасының хирургия бөлімшесіне, содан кейін санитарлық ұшақ көмегімен облыстық ауруханаға жеткізілген, олар жақын күндері жазылып шығады", - деп мәлімдейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. 

Айта кетейік, оқиға 14 желтоқсан күні болған. "Қазпрошта" АҚ-на тиесілі вагонда өрттің шығуына газ баллонының жарылуы себеп болады. Вагонда не себепті газ баллонының, бірнеше адамның, соның ішінде, кәмелетке толмаған баланың жүргені тергеу барысында анықталмақ. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу