18 тамызда сағат 18:30-да Түпқараған аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Шапағат ауылындағы жағалауда жасөспірімнің судан шыға алмай жатқаны жөнінде хабарлама келген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына бірден учаскелік полиция инспекторлары – Данияр Назарбаев, полиция капитаны Біржан Шапағатов және полицияның аға лейтенанты Дулат Ғайнуллин шұғыл аттанады.
Жергілікті тұрғындармен бірлесе отырып, қайық табылып, полицейлер ойланбастан теңізге шығады. Қыз бала шамамен жағалаудан 600 метр қашықтықта болған. Оны қайыққа мінгізіп, жағаға жеткізеді.
Бұл оқиға – полиция қызметкерлерінің жеделдігі мен жанқиярлығының жарқын үлгісі ғана емес, сонымен қатар азаматтардың өмірін, құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған "Заң және тәртіп" қағидатының нақты іске асуының айғағы болды.