Маңғыстау облысында полицейлерді адалдыққа тексеретін болады

576

ІІМ Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде полиция қызметкерлерін адалдыққа тексеру тетігін енгізу мәселесін пысықтауда, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Маңғыстау облысында полицейлерді адалдыққа тексеретін болады Фото: gov.kz

Пилоттық жоба аясында алдымен патрульдік полицияны сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Себебі, дәл осы қызметтің қызметкерлері күн сайын халықпен өзара іс-қимыл жасайды. Тексеруді әр түрлі жағдайларды модельдеу арқылы өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері жүргізетін болады.

"Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу және полиция қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру", - деп мәлімдеді ІІМ өкілдері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу