Маңғыстау облысында полиция жолдарды дронмен бақылауға көшті

904

Маңғыстау облысында полиция жолдарды дронмен бақылауға көшті

Маңғыстау облысындағы өңірлік және республикалық маңыздағы жолдарды полицейлер қашықтықтан басқарылатын ұшу аппараттарымен бақылауға көшті, деп хабарлайды 24.kz.

Фото және бейне-бақылау камераларымен қамтылған дрондар жол ережесін бұзған машинаның номерін Ақтаудағы процессуальдық орталыққа жүктейді. Кейін айыппұл түбір-тегі көлік иесінің мекенжайына пошта арқылы жіберіледі.

Пилотсыз ұшу аппараттары 50 шақырым қашықтыққа 2,5 сағатқа дейін ұша алады. Сондай-ақ екі шақырым биіктікке көтеріліп, сағатына 110 шақырымға дейін жылдамдықпен самғайды.

Озық технология қазір Ақтау-Жаңаөзен, Ақтау-Сайын Шапағат трассалары бойында қолданылуда. Ал 4 мамырдан бері қала көшелерінде "Скат" мобильді бейнежазу құрылғысы пайда болды. Жолдағы тәртіпті бақылайтын құрал тәулік бойы бірнеше орынға ауыстырылып тұрады.

"Пилотсыз ұшу аппараттары жылдамдық арттыру, қарама қарсы жолаққа шығу, жолдағы өзге де көліктерге апатты жағдай туғызу секілді тәртіп бұзушылықтармен күресуге қолайлы екенін іс жүзінде көрсетіп келеді. Тәулігіне орта есеппен 10-ға жуық дерек тіркелуде. Дронның бейнекамерасына түсіріліп алынған жазбаларды кетіру мүмкін емес. Дереу процессуалдық орталыққа жүктеледі. Айыппұл түбіртегі конвертке салынып, жол ережесін бұзған адамның үйіне поштамен жіберіледі", - дейді , облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ибадуллаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу