Маңғыстау облысында сирек кездесетін ақ қасқыр фототұзаққа ілінді

431

“Манашы” мемлекеттік табиғи қорығында сирек кездесетін жыртқыш – ақ қасқыр көзге түсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында сирек кездесетін ақ қасқыр фототұзаққа ілінді

Облыстағы табиғат басқармасы мамандарының айтуынша, ақ қасқыр Маңғыстауда өте сирек кездесетін жыртқыш аң.

“Оның сезімталдығы жоғары және асқан төзімділікке ие. Ақ қасқыр өзі мекендейтін аймақтағы ең қауіпті жыртқыш болып саналады. Оның салмағы мекен ететін жеріне байланысты шамамен 30-80 келіге жетуі мүмкін”, – дейді Маңғыстау облыстық табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу