Маңғыстау облысында суға кеткен бес жасөспірімнің біреуі көз жұмды

599

Суға батқан 4 оқушы құтқарылды

Маңғыстау облысында суға кеткен бес жасөспірімнің біреуі көз жұмды Фото: google.com

Ақтауда сыныптастарымен демалуға барған мектеп оқушысы Каспий теңізіне батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 18 маусымда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Каспий жағалауындағы туристерге суға түсуге тыйым салынған аумақта болған. 

Мұнайлы ауданындағы мектептердің бірінің 9-сыныпта оқитын 24 оқушысы оқу жылының аяқталуын атап өтуге демалуға барған. Куәгерлердің айтуынша, бес жасөспірім суға түскен кезде бата бастаған. Артынша үшеуі судан өздері шыға алған, ал екеуін оқиға куәгерлері аман алып шығады. Алайда 2007 жылы туған қыз бала ауруханаға бара жатқан жолда көлікте көз жұмды.

Үш оқушы қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Тағы бір оқушы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

"Тоғызыншы сынып түлектері автобус жалдап, теңізге кеткен. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға түсті. Оқиға кезінде олардың қасында сынып жетекшісі болған. Соңғы қоңырауға дейін біз профилактикалық шаралап ұйымдастырып, оқушылардың табиғат аясына шығуына тыйым салынғаны туралы хабарлағанбыз, алайда мұғалім олардың қаладан шығуына рұқсат берген. Өрескел тәртіп бұзғаны үшін, сонымен қатар өз міндетіне салғырт қарағаны үшін мұғалімге сөгіс жарияланды", - деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу