Сұйытылған мұнай газы 1-ші қаңтардан бастап 10% қымбаттап, тоннасы үшін салықсыз есептегенде 38 мың 701 теңге 67 тиынды құрады. Осы туралы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимур Садуакасов мәлімдеді.
Баға еліміздің энергетика министрлігінің 2017 жылдың 5 желтоқсанында шығарған бұйырығына сәйкес өскен. Қазіргі уақытта өңірдегі жанармай құю бекеттерінде газдың бағасы 52-60 теңгенің арасында саудалануда.
Маңғыстау облысында сұйытылған мұнай газының бағасы 16,5% қымбаттаған. Себебі, аталған аймаққа 13 мың 540 тонна бөлініпті. Ал, Жаңаөзендегі мұнай өңдеу зауытында сату құны 1 қаңтардан бастап 10% шарықтаған. Қалған 6,5% газ үлестіру орталығынын қызметіне жұмасалады. Себебі, қазір газды босату бұрынғыдай тікелей кәсіпкерлерге емес, арнайы орталықтар арқылы жүзеге асады.
Ішкі істер департаментінің ақпараты бойынша қазір аймақта газбен жүретін 88 мың 51 көлік тіркелсе, бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% жоғары екен.