Маңғыстау облысындағы Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай республикалық тасжолында "КамАЗ" көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, өрт кезінде зардап шеккендер жоқ, деп жазды mangystaumedia.kz.
Өртті сөндіруге Nobilis Corp ЖШС мекемесінен бес өрт сөндіруші, төрт қызметкер қатысты. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде өрт толығымен сөндірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу