Маңғыстау облысында Таушық ауылын қарғын су басты

323

Лай үйлердің аулаларына дейін кірген.  

Маңғыстау облысында Таушық ауылын қарғын су басты Фото: lada.kz

Маңғыстау облысы Таушық ауылының көшелерін таудан аққан қарғын су басты, деп жазады inbusiness.kz сайты Lada басылымына сілтеме жасап.

Нөсер жаңбырдан кейін пайда болған қарғын тау жақтан Таушық ауылына жеткен. Үйлердің дәл қасынан ағып жатқан қарқыны күшті лай суды тұрғындар видеоға түсіріп, көрініс әлеуметтік желі арқылы таралды.

Таушық әкімдігінің хабарлауынша, қарғын елдімекеннің жекелеген көшелерімен жүріп өтіп, табиғи арнамен теңізге қарай аққан.

"Үйлердің кейбірінің ауласына ғана су кірді, бірақ баспаналарды баспады. Ешкім зардап шеккен жоқ. Мал өлімі туралы мәлімет жоқ. Жағдай бақылауда", – деп хабарлады әкімдіктегілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу