Маңғыстау облысында техникалық реттеу саласында 141 рет тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, 3 млн.теңгеден аса айыппұл салыныпты, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.
Жыл басынан бері Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 141 тексеру жүргізіп, заң бұзушыларға 3 106 500 теңге мөлшерінде айыппұл салған.
"Тексерулердің 14-і темірбетон және бетон бұйымдары мен конструкцияларын өндіруші, шикі мұнайды және ілеспе газды өндіруші және тасымалдаушы, мұнай мен табиғи газды өндіру кезіндегі техникалық қолдаушы, электр және жылу энергиясын тарату және беруші, жылумен жабдықтаушы, емдеу мекемелеріне қатысты болды. 16 тексеру жоспардан тыс жүргізілді. 95 тексеріс бағалы металдар мен асыл тастарды сатушы жеке және заңды тұлғаларға қатысты болса, 16 тексеру жанар-жағармай құю станцияларына жүргізілді", - дейді ҚР сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Мақсат Мұрымбай.
Оның айтуынша, 2021 жылы департаментпен 3 106 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, қазіргі таңда мемлекет пайдасына 2 537 815 теңге өндіріліп алынған. Қалған айыппұл мөлшерін өндіріп алу мақсатында материал сот орындаушыларына жолданыпты. Департамент жолдаған материалдар бойынша сот арқылы 904 300 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, оның 612 600 теңгесі мемлекет тарапынан өндіріліп алынған.
Құралай Қуатова
Маңғыстау ,техникалық тексеру ,реттеу және метрологи Мақсат Мұрымбай