Маңғыстау облысында теміржолшы жұмыс орнында қайтыс болды

396

Дәрігерлер 1983 жылы туған ер адамның қайтыс болғанын растады.

Маңғыстау облысында теміржолшы жұмыс орнында қайтыс болды Фото: ЖИ

Маңғыстау облысында теміржол саласының қызметкері жұмыс орнында көз жұмды. Аталған оқиғаға байланысты мемлекеттік еңбек инспекциясы тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 5 шілде күні сағат шамамен 09:10-да Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты №13 разъезде болған.

Разъезд бастығы жұмыс орнына келген кезде кезекші қызметкердің мәйітін тапқан. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері шақырылды. Дәрігерлер 1983 жылы туған ер адамның қайтыс болғанын растады.

Компания мәліметінше, аталған дерек бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу