Маңғыстау облысында ТМД көлеміндегі алғашқы геопарк құрылады

916

Маңғыстау облысында ТМД көлеміндегі алғашқы геопарк құрылады

Жыл соңына дейін Маңғыстау облысының ерекше табиғи нысандары толық зерделеніп, геопарк құратын жерді анықтау мақсатында және ЮНЕСКО-ның жаһандық геопаркіне үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес өтінім дайындалатын болады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

ЮНЕСКО-ның жаһандық геопаркі мәртебесін алу үшін Маңғыстау облысының аумағындағы табиғи және мәдени мұраларды ұсыну жөнінде жұмыс тобы құрылып, іс-шаралар жоспары жасалған.

Айта кету керек, Маңғыстауда құрылатын геопарк тек республика көлемінде ғана емес, сондай-ақ ТМД көлеміндегі алғашқы геопарк болмақ. ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарк жүйесіне әлемнің 35 елінің 127 геопаркі кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу