Маңғыстау облысында төрт түлігінен айырылған жұрт Үкіметтен көмек сұрайды

417

Жергілікті тұрғындар аймақта эпидемиологиялық жағдай асқынып кетпес үшін жануарлардың өлексесін тез арада жоюды талап етті.  

Маңғыстау облысында төрт түлігінен айырылған жұрт Үкіметтен көмек сұрайды Фото: lada.kz

Фермерлер ауа райының қолайсыздығынан соң жаппай қырылған мал үшін өтемақы төлеуді талап етіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Қарақия ауданындағы нөсер жаңбыр салдарынан жайылымдар батпаққа айналып, соның кесірінен мал жаппай қырыла бастаған.

Аудан әкімдігінің ресми дерегіне сүйенсек, екі күнде 553 бас мал шығын болған:

  • 20 сәуірде – 237 бас мал (108 жылқы, 5 тай, 10 құлын, 2 түйе, 5 бота және 107 қой-ешкі);
  • 21 сәуірде – 316 бас мал (134 жылқы, 9 тай, 19 құлын және 154 қой-ешкі).

– Қазіргі таңда Қарақия ауданының жергілікті билік органдары өнеркәсіптік кәсіпорындармен бірлесе отырып батпақтануды жоюға арнайы техникалар жұмылдырылды. Мал санағы және тиісті есептер жүргізіліп жатыр. Есептер толтырылып, жануарлар идентификацияланғаннан кейін (микрочиптерді пайдалана отырып) ветеринарлық қызметпен өлі малды арнайы жабдықты пайдалана отырып кәдеге жарату жұмыстары басталады. Жоғалған малдың орнын толтыру мәселесі қолданыстағы заңнама аясында қаралатын болады, – деп хабарлады Маңғыстау облыстық әкімдігі.

Шаруалардың айтуынша, жайылымның батпаққа айналуы малдың қозғалуына және жайылуына мүмкіндік бермей, жаппай қырылып қалуына себеп болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу