Маңғыстау облысында тұрғындарға бетперде тегін таратылып жатыр

659

 Мұндай жұмыстар болашақта тұрақты түрде жүзеге аспақ. 

Маңғыстау облысында тұрғындарға бетперде тегін таратылып жатыр

Ақтау қаласының көшелерінде және теңіз жағалауында жастар ресурстық орталығы мамандарының көмегімен тұрғындарға тегін бетперделер үлестірілуде. Шара облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып отыр.

Әзірге қала тұрғындарына төрт мың дана бетперде тегін таратылады. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласында – 2600 дана, Мұнайлы ауданында – 1000 дана бетперде берілмек. Мұндай жұмыстар болашақта тұрақты түрде жүзеге аспақ. Бұдан бөлек, Біріккен Араб Әмірлігінен гуманитарлық көмек ретінде келген бетперделер де қалалар мен аудандарда халыққа тегін таратылатын болады.

Сондай-ақ, облыста карантин кезінде қолға алынып отырған шараның бірі – жергілікті емханаларда мобильдік топтар құру. Ол үшін науқас учаскелік дәрігерімен шұғыл хабарласа алмаған жағдайда байланысу үшін арнайы чат ашылған. Бұл өз кезегінде күнделікті қанша адамның дәрігерлер көмегіне жүгінетінін нақты анықтауға көмектеспек екен. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу