Маңғыстау облысында тыныс алу органдарының ауруы асқынып тұр

1097

Таяуда адамдардың денсаулығына зиян келтіріп жатқан ірі кәсіпорын иелері айыппұл арқалады. Олар қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жазаланды.

Маңғыстау облысында тыныс алу органдарының ауруы асқынып тұр

Бұл туралы өңірлік экология департаменті мәлімдеді деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, кәсіпорындар ауаға тарайтын азот диоксиді мен метанның шекті көлемін шамадан асырып жіберген. 

2020 жылғы қаңтар, желтоқсан айларында облыстағы денсаулық сақтау саласындағы негізгі капиталға 19,3 млрд теңге инвестиция құйылды. Қазір  Маңғыстау облысында 719,6 мың адам тұрады. Оның әрқайсының денсаулығына жылына шамамен 26 800, айына 2 200 теңге қаржы қажет. Шын мәнісінде мұндай қаржы бөлініп отырған жоқ. Қазір өңірдегі күрделі инвестициялардың жалпы көлемінде денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласына қарастырылған қаржы 3,3%-ды ғана құрайды. 

Өңірлік экология департаментінің дерегінше, Маңғыстау облысында тыныс алу органдарының ауруынан қайтыс болғандардың саны 2,3 есеге артты. 
"2020 жылғы қаңтар, желтоқсан айларында ғана облыста 4 200 адам қайтыс болды. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,5%-ға артық. Өңірде қайтыс болғандардың басым бөлігінің өліміне тыныс алу органдарының ауруы себеп болды", – деп хабарлады облыстық экология департаменті. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу