Маңғыстау облысы Түпқараған ауданына қарасты "Сұршоқы" қыстауында ұсақ малдан оспа ауруы анықталып, карантин жарияланды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Аудан әкімдігінің сәйкес қаулысы 26 сәуірде республиканың нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.
"Түпқараған ауданының Сұршоқы қыстауы аумағында "Қарағантүбек" ЖШС меншігіндегі ұсақ малдан оспа анықталуына байланысты карантин жариялансын", – делінген құжатта.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Түпқараған аудандық инспекциясының осы қаулысында тиісті шаралар қабылдау тапсырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу