Маңғыстау облысында үш күн бұрын жоғалғандар табылды

132

Екі адамды ТЖМ құтқарушылары тапты.  

Маңғыстау облысында үш күн бұрын жоғалғандар табылды Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында 1978 жылы және 1963 жылы туған екі ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар 8 наурыз күні Ақтөбе облысында орналасқан тұрақты жұмыс орнынан жүк көлігімен шығып, кейін байланыс үзілген.

"Ерлерді іздеуге ТЖМ барлық күштері мен құралдары жұмырылды, ұшқышсыз ұшу аппараты мен жол талғамайтын трэкол көлігінің көмегімен Бейнеу ауылынан 180 шақырым жерде ерлердің аман-есен тапты. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", – делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу