Маңғыстау облысында жалған доллар сатқан ер адам ұсталды

549

Жалпы сомасы 3850 доллар болатын жалған валюта тәркіленді.

Маңғыстау облысында жалған доллар сатқан ер адам ұсталды Фото: inbusiness.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі Маңғыстау облысында жалған доллар сатумен айналысқандардың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Ведомство мәліметінше, 25 қыркүйек күні таратқан мәліметі бойынша, Маңғыстау облысында номиналы 50 АҚШ доллары болатын жалған ақша купюраларын сатумен айналысқан ер адам ұсталды.

"Агенттік қызметкерлерінің бақылауымен жүргізілген сатып алу барысында жасанды ақша сату фактісі анықталып, жалпы сомасы 3850 доллар болатын жалған валюта тәркіленді. Күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта заңсыз әрекетке өзге де тұлғалардың қатысы бар-жоғын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр.

 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу