Маңғыстау облысында жаңа әкім

2486

С.Ө.Трұмов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.

Маңғыстау облысында жаңа әкім

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  С.Ө.Трұмовты Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Жарлықта Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын делінген. 

С.Трұмов 1964 жылы  Гурьев облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген.

1992 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдады.

Еңбек жолын 1981-1990 жж. – "Маңғышлақауылқұрылыс-12" тресінде бастаған.

2004-2006 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;

2006-2008 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;

2008-2012 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;

2012-2015 жж. – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі;

2015-2017 жж. – Ақтау қаласының әкімі.

2017 жылы Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

2019 жылдың 13 маусымында Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу