Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады

198

Инженерлік инфрақұрылым құрылысы басталды.

Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының биылғы маусым айында өткен туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Маңғыстау облысында өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, Кендірлі курортты аймағында жылына 300 мың адамға дейін қабылдай алатын туристік қала салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Кендірлі теңіз жағалауының ерекшелігі – шомылу маусымының ұзақтығы. Географиялық орналасуы да маңызды рөл атқарады. Ол өзінің бірегейлігінің арқасында туристерді тартуға ыңғайлы. Осыған байланысты Президент Кендірлі туристік аймағын құру бойынша нақты тапсырма берді. Біз тиісті инфрақұрылымы бар және туристерге қызмет көрсететін арнайы туристік қалашық салуды жоспарлап отырмыз. Бұл Жаңаөзен қаласының негізгі жүктемесінің төмендеуіне жақсы әсер етеді", — деді Кендірлі ауылының әкімі Мекен Үйсенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу