Маңғыстау облысында жарты тоннаға жуық бекіре аулаған броконьер ұсталды

249

Қазір қылмыстық іс бойынша бірқатар тергеу жүргізіліп жатыр.        

Маңғыстау облысында жарты тоннаға жуық бекіре аулаған броконьер ұсталды Фото: qamshy.kz

Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы РМҚК "Охотзоопром" қызметкерлерімен бірлесіп, 10 тамызда балық өнімдерінің заңсыз айналымын алдын алу мақсатында рейд өткізді.

Түпқараған ауданының "Ащымұрын" теңіз жағалауында азамат "Н" басқаруындағы "Toyota Land Cruiser 100" маркалы автокөлігі тоқтатылып, оның жүк салғыш бөлігінен жалпы салмағы 455 кг құрайтын бекіре тұқымдас балықтары анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған дерек, ҚР ҚК-нің 339-бабымен (Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлармен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тергеп-тексеру Түпқараған ауданының полиция бөліміне тапсырылды, қылмыстық іс бойынша бірқатар тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу