"Отбасы банкі" және Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы "Отбасы банкі" Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Банктің мәліметіне сүйенсек, "Маңғыстау жастары" деп аталатын жеңілдетілген несие беру бағдарламасына 35 жасқа дейінгі өңір тұрғындары қатыса алады.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- өтінім беру сәтінде қатысушының жасы 35 жастан аспауы;
- қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда жеке тұрғын үйі болмауы;
- соңғы 2 жыл ішінде Маңғыстау облысында тұрақты тіркеуде болуы;
- соңғы 6 айда бір адамға шаққандағы табысы 150 098 теңгеден аспауы керек.
Банк өкілдері бағдарламаға қатысушы тұрғын үйді тіркелген мекенжайы бойынша сатып алатынын, бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алатынын еске салды.
Бағдарлама бойынша үй алу үшін бастапқы жарна – 10 пайыз, несие мөлшерлемесі жылдық – 5 пайыз.