Маңғыстау облысында жел электр станциясы іске қосылды

2409

Жобаны шетелдік компаниялар инвестициялауда.

Маңғыстау облысында жел электр станциясы іске қосылды

Маңғыстаудағы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында құны 800 млн теңгені құрайтын жел электр станциясы іске қосылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Салимов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.

"Қуаты 5 МВт құрайтын кешеннің құрылысы барысында 11 жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта 20-дан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік бар",– дейді "BEST-Group NS" ЖШС компаниясының өкілдері.

Жобаны шетелдік компаниялар инвестициялауда. Атап айтқанда, осы жобаның серіктестері мен инвесторлары американдық және ресейлік компаниялар – Lone Star Renewable Energy Corp (АҚШ) және "Энерготехсервис" ЖШҚ (Ресей).

"Енді бір айдан соң біз өз өнімдерімізді сата бастаймыз. Өнімді сатып алушылар "Есептеу және қаржы орталығы" ЖШС болмақ. Германия елінде жасалған қондырғылардың арқасында станция, жел қуатын пайдалану арқылы электр энергиясын өндіріп, оған қажеттілікті толық өтейтін болады. Ақшұқыр ауылының тұрғындарына сондай-ақ ауыл маңындағы өндіріс ошақтарымен жылыжайларға электр қуаты тапшылығын жояды", – дейді жобаның даму жөніндегі директоры Гүлнар Әбитова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу