Маңғыстау облысында жел электр стнациясы іске қосылды

1451

Нысанда 12 адам жұмыс істейді. 

Маңғыстау облысында жел электр стнациясы іске қосылды

Маңғыстау облысында 782 млн теңге тұратын жел электр станциясы іске қосылды, деп хабарлайды   LS.

Өңірлік әкімдіктегілердің айтуынша, қуаттылығы 5МВт болатын жасыл нысан Түпқараған ауданының Ақшұңқыр ауылында пайдалануға берілген.  

"ЖЭС-да 12 маман жұмыс істейді. Нысан 2017 жылы салынып басталған. Ол үш желэлектрлік қондырғыдан тұрады", - деді ведомствадағылар.

Электр энергиясын тұтынушылар ­- ауыл тұрғындары.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу