Маңғыстау облысында желілік полицей қызметкері шетелдіктен пара алған

1126

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  

Маңғыстау облысында желілік полицей қызметкері шетелдіктен пара алған Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында Желілік полиция бөлімінің қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 17 ақпанда Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижесінде Маңғыстау станциясындағы желілік полиция қызметкерін ұстаған. Оның Түркия Республикасының кәсіпкерінен қылмыстық жауаптылықтан босату үшін 1 300 000 теңге сомасында пара алғаны анықталды.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайтын болады.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу