Жыл сайын бұл шараға әлемнің 180-нен астам елі қатысады. Ал Қазақстан "Жер сағаты" акциясын 13-рет өткізбек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мақсат – табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндеу, планетаның климатын сақтау, оның шектеулі ресурстарына қамқорлық жасау.
"Уақытша бір сағатқа жарық көздері, техника құралдарын сөндіріп, қоршаған ортаға өзіміздің аз да болса үлесімізді қосайық. Енді бұл әр аудан, қала әкімдігімен жүзеге асырылады. Ақтау қаласы бойынша орталық көшелердің шамдары сөнеді. Сонымен қатар, мекеме ғимараттарының жарығы өшіріледі", - деді Маңғыстау облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Динара Еңсеген.