Маңғыстау облысында жер сілкінді

195

Жер сілкінісі 2 балл деңгейінде сезілген.

Маңғыстау облысында жер сілкінді Фото: Depositphotos.com

Жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2321 шақырым жерде, Ресей аумағында орналасқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

27 тамыз күні сағат 01:33-те Қазақстан Республикасы ТЖМ "ННЦСНИ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Координаттары: 42,925º с.е., 48,765º ш.б., тереңдігі – 15 шақырым. Есептік магнитуда бойынша Маңғыстау облысында, Ақтау қаласынан 209 шақырымда сезілген.

Төтенше жағдай қызметтерінің мәліметі бойынша, зардап шеккендер мен қираған жерлер туралы хабарлама түскен жоқ. Аймақтағы жағдай тұрақты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу