Маңғыстау облысында із-түзсіз жоғалған азаматты іздестіру шараларына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан, ауыл әкімдігінің қызметкерлері және ерікті жастар, ауыл тұрғындары мен балықшылары және із-түзсіз жоғалған азаматтың туыстары да бар.
Іздестіру-құтқару жұмыстары Сарша жерінің аумағы және Ерсай жағалауына дейінгі аралық қамтылуда. Оған барлығы 60 қа жуық адам, 20 ға жуық техника жұмылдырылды. Олардың ішінде 1 тікұшақ, 10 қайық, жол талғамайтын көліктер бар.
Таңғы уақытта Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің МИ-8 тікұшағы әуеден бақыласа, 7 сүңгуір (водалаз) теңізде іздеу жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ, аталған аумақты дронмен бақылау жұмыстары жүргізілуде.