Жол-көлік оқиғасы 28 шілдеде "Ақтау-Бейнеу" р еспубликалық маңызы бар тасжолының 325-ші шақырымында болды.
"Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Онда Mercedes Benz S-320 автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі көліктің де жүргізуші, Lada Priora автокөлігінде болған екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы зардап шекті. Олар жақын маңдағы аудандық ауруханаға жатқызылды", - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Маңғыстау ауданының полиция бөлімшесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.